Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және техникалық қызмет көрсету және жабдықтау функцияларын орындау.
Дирекция жалпы ауданы 506 338 шаршы метр болатын 12 ғимаратқа кызмет көрсетеді, олар: Қазакстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясы, Үкімет Үйі, Министрліктер Үйі (еліміздегі ең үлкен кеңселік ғимарат), Каржы министрлігі, Тәуелсіздік сарайы, Қазакстан Республикасы Президентінің Архиві, Президенттік орталық, Конституциялық сот, "Телерадиокешені" ғимараты, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиянын әкімшілік ғимараты.
Республика даңғылы, 62 мекенжайында Баспа-полиграфия орталығы орналасқан, онда Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы мен қаулылары және басқа да Қазакстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі Аппаратының тапсырысы бойынша басылымдар шығарылады.
Кәсіпорында 2000-ға жуық адам жұмыс істейді, олардың 55% жоғары және орта арнаулы білімді.