«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Дирекция) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде нөмірі 74-02-10 сенім телефоны жұмыс істейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қызметкерлердің хабардар болуын арттыру мақсатында Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінде «Сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері туралы жадынаманы» әзірленіп орналастырылды, сондай-ақ қызметкерлер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттемені» қабылдады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 18-тармағын және ҚР ПІБ тапсырмасын орндау үшін Дирекция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде кез келген сыйлықтарды алуға және беруге тыйым салу туралы ақпарат жеткізілді.
«Қызметкерлерге анонимдік сауалнама жүргізу үшін сауалнама парағының нысаны» әзірленіп, тоқсан сайын Дирекция қызметкерлеріне анонимді сауалнама жүргізіледі.
Дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінде Сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау үнемі жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Дирекция қызметкерлерімен іскерлік әдеп кодексін сақтау мәселелрі бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.
Бұл бағыттығы жұмыс жалғасуда.