«Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК жұмыскерлері спорттық өмірге белсенді қатысады.
2024 жылғы 27 сәуірде біздің жұмыскерлер Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасында шахматтан турнирге қатысты.
2024 жылғы 25 мамырда 7 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасында үстел теннисінен турнир өтті. Дирекциядан 3 жұмыскер мен 11 бала қатысты.
Екі іс-шара да спорттық жарыс пен бәсекелестік рухында өтті.