2024 жылғы 1 маусымда «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК жұмыскерлерінің 8-14 жас аралығындағы 70 баласы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының мұражайына барды. Олар ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі экспонаттарды, музыкалық аспаптардың жеке коллекциясын, "Қазақтардың этнографиясы" экспозициясын, сондай-ақ Қазақстан Президентіне тарту етілген сыйлықтар топтамасын тамашалай алды. Мұражайға бару балалар үшін білім, мәдениет және тарих әлеміне нағыз портал болды.