Мемлекеттік рәміздер - бұл елдің егемендігі мен бірлігін айшықтайтын, негізгі құндылықтар мен мұраттарды бейнелейтін мемлекеттің негізгі атрибуттары.
1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанда мемлекеттің маңызды рәміздері - ту, елтаңба, әнұран қабылданды. Олардың қабылдануынан бұрын бірқатар кәсіпқойлар – тарихшылар, суретшілер, музыканттар, қоғам қайраткерлері қажырлы еңбегі етті.
2007 жылы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңмен бұл күн ресми түрде "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні" болып жарияланды.
Бұл мереке күні "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК қызметкерлері салтанатты түрде мемлекеттік әнұранды орындады.