«Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының» 100-ге жуық жұмыскері белсенді түрде ат салысты. Бұл іс-шара қоғамдық кеңістерді тазартуға және жаңартуға бағытталған, санитарлық жағдайды жақсартуға, туған өлкенің табиғи сұлулығын сақтауға ықпал етеді.
Экологиялық акция «Байқоңыр» ауданында Қоянды су қоймасының аумағында өтті. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен тазалау жұмыстарына тиегіштер мен самосвалдар сынды 5 арнайы техника тартылды. Су қоймасының жағалау белдеуінде 5 тоннадан астам қоқыс жиналып шығарылды. Бұл шара барысында су қоймасының айналасы айтарлықтай тазаланды, алайда мұндай шарамен шектелген жеткіліксіз. «Тазалық – денсаулық негізі, Денсаулық – байлық негізі» - дегендей азаматтардың мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастырудың болашағымыз үшін маңызы зор. Табиғат - біздің ортақ үйіміз, оны қорғау әрқайсысымыздың перзенттік парызымыз.