Басты бетЖоғары және орта білім беретін оқу орындармен ынтымақтастық нығая түспек

Жоғары және орта білім беретін оқу орындармен ынтымақтастық нығая түспек

Жоғары және орта білім беретін оқу орындармен ынтымақтастық нығая түспек Жоғары және орта білім беретін оқу орындармен ынтымақтастық нығая түспек Жоғары және орта білім беретін оқу орындармен ынтымақтастық нығая түспек

Президент Іс басқармасында ведомстволық қарасты ұйымдардың жоғары және орта білім беретін оқу орындарымен өзара іс-қимылын нығайта түсуге бағытталған дөңгелек үстел өтті. 

Алқалы жиынға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, «Астана» медициналық университеті сынды белді білім ордаларының басшылық өкілдері келді. 
Басқосуда сөз алған ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев студенттерді өндірістік және дипломалды тәжірибеден өткізу бағытындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарына, түлектерді жұмысқа қабылдау мәселелеріне тоқталды. 

- Бүгінгі таңда Президент Іс басқармасына қарасты кәсіпорындарға IT маман, инженер-электрик, инженер құрылысшы, автоэлектрик, автослесарь, графикалық дизайнер, аспаз, тағам өнеркәсібінің технологы сынды мамандар қажет, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, аппарат басшысы медицина, әкімшілік басқару бағыттарындағы кадрлар сұранысқа ие екенін жеткізді. 
Дөңгелек үстел барысында Президент Іс басқармасы мен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті арасында Маман даярлау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қойылды.

Бұған дейін Іс басқармасы 48 жоғары оқу орнымен, 19 орта арнаулы білім беру мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол жеткізгенін айта кету керек. Осы келісімдер арқылы жоғары білікті кадр даярлау ісінде қатысты бірлескен бастамалар жүзеге асырылып келеді. 

Жиынға қатысушылар сапалы кадр даярлау, оларды өндірістік тәжірибеден өткізу, жұмыспен қамту барысы туралы бандама жасап, кейбір мәселелерді шешудің инновациялық жолдары туралы пікірлерін ортаға салды.