Басты бетҚР Президентінің Іс басқармасында қаржылық сауат тақырыбында оқу семинары өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында қаржылық сауат тақырыбында оқу семинары өтті

ҚР Президентінің Іс басқармасында қаржылық сауат тақырыбында оқу семинары өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында қаржылық сауат тақырыбында оқу семинары өтті

ҚР ПІБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі өткізген іc-шараға Іс басқармасына қарасты кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Семинарды ментор, қаржы сарапшысы, бизнес-тренер Зүлфия Бадеева мен қаржы сарапшысы Рауан Ерғалиев жүргізді.

- Қаржылық сауатты арттыру жолдарын үйрету арқылы халықтың тұрмысын жақсартуға ықпал етуге болады. Жалпы, табысы төмен ортада несие көлемі жоғары деген түсінік бар. Бірақ тәжірибе жүзінде байқағанымыз, табыс неғұрлым артқан сайын, несие де соған сай ұлғая түседі. Яғни, несиені өтеуге қатысты қиындықтар барлық жерде кездеседі. Сол үшін табысты арттыру және тиімді инвестиция жасау тақырыбына кеңірек тоқталуды жөн деп шештік, - деді З. Бадеева.

Сарапшылар қаржылық сауат негіздері, қарыз бен несиенің туындау себептері, отбасылық бюджетті жоспарлау алгоритмдері, қаржылық пирамида мен алаяқтардан сақтану жолдары, несие нарығын зерттеу тәсілдері, тиімді инвестиция туралы сөз қозғады.

Жиын соңында қатысушылар менторларға өздерін алаңдатқан мәселелерге қатысты сұрақ қойып, жан-жақты жауап алды.