slide 1 of 2
«ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары Әлібек Әлиұлы Әлиев ҚР Үкіметі Аппараты Республикасының Мемлекеттік Фелдъегерлік қызметі атынан ҚР Президентінің № 155 жарлығымен бекітілген «Фельдъегерлік байланыстың дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Құттықтауға арнайы келген Президенті Іс басқармасы ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Е.Д. Адаев, Мемлекеттік Фелдъегерлік қызметінің бастығы А.А. Икранбеков, ҚР Үкіметі Аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары А.М. Кожахметов сөз сөйлеп, Әлібек Әлиұлының атқарған қызметіне жоғары баға беріп жылы лебіздерін жеткізді.