






«Жұмысшы мамандықтар жылы» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы мәдени-бұқаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес,ағымдағы жылдың 19 сәуірінде "Президенттік орталық" ғимаратында "Наурыз-мейрамы" форматында іс-шара өткізілді.
«Наурыз-мейрам» мерекесіне Кәсіпорынның жұмысшы мамандықтарының 500-ге жуық өкілі қатысты. Жұмыскерлерге арнайы бірнеше іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде:
- спорттың 4 түрі бойынша жарыстар (асық ату, гір көтеру, армрестлинг, арқан тарту);
- 4 жанрдағы 20 концерттік қойылым (вокал, халық музыкалық аспаптарында ойнау, өлең оқу, халық билері);
- ұлттық тұрмыс пен әдет-ғұрыптың тақырыптық көрінісі.
Қатысушылар арасынан командалар құрылды, олардың әрқайсысы бірлік, тапқырлық және спорттық рухты көрсетті. Ойындардың қорытындысы бойынша әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, олардың барлығы естелік сыйлықтармен марапатталды.
"Наурыз-мейрамы" мерекесінің соңында мерекелік дастархан жайылды.