Басты бетМен әкеммен мақтанамын

Мен әкеммен мақтанамын

Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын Мен әкеммен мақтанамын

Әкем Какенов Мубарак Сембаевич – Семей облысы Жарма ауданы Алайғыр ауылының тумасы. Ол 1925 жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келген. Жетінші сыныптан кейін Қарағанды қаласына ФЗО /фабрика–зауыттық оқу/ орнына жіберіліп, 3 ай оқу мен көмір шахтасының жұмысынан кейін ата-анасы тұрып жатқан Шалабай ауылындағы есепші курсын аяқтап, ауылда қалған қариялар мен әйелдер арасында жұмыс істейді. 1943 жылы, яғни 18 жасында Жарма аудандық әскери бөлімшесінен «120-гвардиялық Қызыл Ту Суворов және Кутузов ордендері» дивизиясына келіп соғысқа аттанады. Украина мен Белоруссияны азат еткен майданға қатысып гвардия сержанты атағын алып, 339-гвардиялық ордені Александр Невский полкінде автоматшылар взводының командирі болып Польшада Краков және Штетин қалаларын азат ету үшін ұрысқа қатысқан. Брандербург қаласының маңындағы Оңтүстік Батыс фашистік топтамаларын жоюға, одан кейін Одер өзенінен өту /форсирование/ операциясына қатысып, Одердегі Франкфурт қаласын  алуға қатысқан. Суық судан, бораған оқтың астынан өтудің өзі ерлік қой, киімдерін сығып кептірместен қайтадан киіп ары қарай кете берген.

1945 жылғы екінші мамыр күні әкем болған дивизия 1-Белорус фронтының құрамында  қосымша 1-Украин фронтының көмегімен штурммен Берлинды басып алған. Гитлердің капитуляциясын Берлин маңындағы орманда привалда жатып естіген қуаныштарында шек  болмаған, бірақ бір күннен кейін фашистердің жасырынып қалған қалдықтары ұрыс ашып кішігірім соғыс басталып кетіпті. Сталиннің бұйрығы бойынша бандерлармен соғыса отырып, жаяу Минскке жетіпті, тағы екі жыл әскери қызметін атқарып Белоруссияда Минск пен Могилевте болған, сол кезде бірге жүрген әскер достарын бір көргісі келіп іздестірген еді, бірге түскен суретін де көрсеткен, өкінішке қарай, кезіге алмады. Айта кетейін, осы жылдар ішінде әкемнің марапаттары:

Орден «Отечественной войны II степень»

Медаль «За взятия Берлина»

Медаль «За Победу над Германией»

Медаль «Георгий Жуков»

Медаль «за Освобождение Украины»

Медаль «за Освобождение Белорусии»

Медаль «Ветеран Труда»

Басқа да мерейлі мерекелерде берілген медальдар мен барлығының кітапша құжаттары бар. Бұл әкемнің ұқыпты  болғанының да бір айғағы болар.

Әкеміз от пен оқтың арасындағы әр сәтін жадында сақтаушы еді. Қолы бос кезде ұл-қыздары мен немерелерінің Отанға деген сүйіспеншілігін ояту үшін бастан кешкен әңгімесін айтатын. 1947 жылдың аяғында өз ауылы Шалабай кеңшарына оралды, Ауылдық кеңестің хатшысы болып қызмет атқарды. 1948 жылы Шаяхметова Өзипа деген қызға үйленді. Үйленгеннен кейін кеңшардың автопаркіне ауысып, 35 жыл автокөлік жүргізуші болып зейнеткерлікке шықты. Қанша жыл жұмыс атқарса, сонша жыл құрмет тақтасынан түскен емес, еліне елеулі, халқына қалаулы болды, бәрімен тіл табысып кететін көпшіл, үлкен-кішіге қамқор еді. Анамыз он бір бала дүниеге әкеліп, батыр ана атаңды, әкеміз екеуі барлығын өсіріп жеткізіп, оқытып, үйлі-жанды қылып, 29 немере, 32 шөбере, 3 шөпшек көрді. Әкем зейнеткер болса да қоғамдық жұмысқа белсене араласатын, ауылда Отан соғысының ардагерлер төрағасы еді, мектепте оқушылар арасында Отан туралы, оған деген патриотизм туралы жиындарға қатысып өмірден түйгенін бөлісетін, соғыс туралы өлеңдерін айтып беретін. Әкем Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің құрметімен 2013 жылы Астанаға барып 9 мамырда ұйымдастырылған салтанатты шеруге қатысып, өзі сияқты Отан соғысының ардагерлерімен кездесіп, қазіргі қару-жарақтардың жетілдірілгенін көріп таң тамаша болып еді. 90 жасқа келер шағында арманы 2015 жылы Отан соғысының аяқталғанына  70 жылдық салтанатты шеруге қатысу болды, иә ол арманына да жеткен еді, бірақ өкініштісі 2015 жылдың тамызында дүниеден өтті. Өмірінің соныңа дейін ел ішінде болып, барар жеріне жигулиін өзі жүргізіп баратын, айналасындағы адамдарды өзінен кіші болса да ала жүретін. Әкем мен анам 67 жыл тату-тәтті, елге өнеге болатындай өмір сүрді, сол үшін мен оларды мақтан тұтамын.