


Жауапкершілігі жоғары, әр іске мұқият қарайтын қызметкер Ахметов Егінбай Агланбекұлы 18 жылдан астам уақыт бойы, Кәсіпорнымызда әр жылдары Министрліктер Үйі 2 және 3 корпустарында қызмет атқарды, ал бүгінгі таңда «Тәуелсіздік Сарайы» Жабдықтарын пайдалану қызметінде адал әрі сенімді маман, ұжымда үлкен құрметке ие. Бастамашыл, еңбекқор және өз ісінің шебері. Кез келген тапсырманы сапалы әрі уақытылы орындайтын кәсіби тұлға. Адамдармен қарым-қатынасы жақсы, әріптестерімен оңай тіл табысады. Еңбегі - жас мамандар үшін үлгі, ал қоғам үшін – құрметке лайық іс.
Сізді Жұмысшылар жылы аясында көрсеткен кәсіби шеберлігіңіз бен қажырлы еңбегіңіз үшін шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің жұмысқа деген жауапкершілігіңіз, табандылығыңыз бен үлгілі еңбегіңіз барша әріптестеріңізге үлгі.
Сізге зор денсаулық, мол табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!