








2025 жылғы 31 мамырда Астана қаласында «AMANAT» партиясының «Бірлік» аумақтық филиалы бастауыш партия ұйымдары арасында қол күресінен ашық турнир өткізді.
Сайысқа ҚР Президентінің Әкімшілігі, ҚР Президентінің Іс басқармасы, Парламент, Үкімет, министрліктер мен басқа да мемлекеттік мекемелердің бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қызықты және тартысты бәсекенің нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
50–80 кг салмақ дәрежесі бойынша:
1 орын — Медет Ниязбекұлы Есенқұлов (Автокөлік шаруашылығының бастауыш партия ұйымы);
2 орын — Нұрдәулет Есімханович Қазбеков (Әкімшілік ғимараттар дирекциясының бастауыш партия ұйымы — ӘҒД);
3 орын — Жан-Ахмет Сержанович Тұрсынбай (ҚР Қаржы министрлігінің «Қаржыгер» бастауыш партия ұйымы).
80–110 кг салмақ дәрежесі бойынша:
1 орын — Есен Естайұлы Түгелбай (ӘҒД);
2 орын — Аман Естайұлы Түгелбай (ӘҒД);
3 орын — ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық үйлестіру орталығының өкілі.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі Әкімшілік ғимараттар дирекциясының жұмыскерлері жоғары нәтиже көрсетіп, екі салмақ дәрежесінде де бірінші орындарға ие болды.
Бұл олардың тек кәсіби салада ғана емес, спортта да табысқа жете алатындығын көрсетеді.
Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Бұл турнир тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар өзара ынтымақтастықты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу алаңына айналды.