




Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын білдіретін басты нышандардың бірі. Сондықтан бұл рәміздерді құрметтеу, оларды дәріптеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қазақстанда 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде жыл сайын аталып өтеді.
Атаулы күнге орай, барлық нысандарда кәсіпорынның жұмыскерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл – ел бірлігі мен патриоттық рухты күшейтуге бағытталған маңызды шараның бір бөлігі болып табылады.