Басты бетЖұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері

Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері

Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері Жұмысшы кәсіптер жылы аясында: Сыпырғы мен күректің шеберлері

Таңғы сағат 7-де, қала енді ғана ояна бастағанда, көшеге алғашқы болып шығатындар бар. Олар – көпшілік байқай бермейтін, бірақ күн сайынғы тәртіп пен тазалықтың негізін қалайтын жандар. Бұл – ҚР Президенті Іс басқармасының ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясының жұмыскерлері – аула сыпырушылар.

Олар Министрліктер үйінің, Конституциялық Соттың, Тәуелсіздік сарайының, Қаржы министрлігінің, Президент мұрағатының, Бейбітшілік көшесі, 4 мекенжайындағы ғимараттың және телерадиокешеннің аумағын тазалап, ретке келтіреді. Олардың басты мақсаты – жұмыс күні басталғанға дейін аумақ мінсіз көрінуі: шаңсыз, қарсыз, жапырақсыз.

«Біз таңғы 7-де жұмысқа шығамыз, түске дейін жұмыс істейміз. Осы уақыт ішінде барлық жұмысты аяқтап, ресми іс-шаралар мен келушілерге дайын болуымыз керек», — дейді қызметкерлердің бірі.

Ыстық, қар, жаңбыр – бұл жандар үшін кедергі емес. Олар ауа райына қарамай, өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарады. Бұл жұмыс тек күшті ғана емес, ұқыптылықты, мұқияттылықты және тәртіптілікті талап етеді.

Көпшілігі бұл жерде бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді. Олар жұмысқа үлкен жауапкершілікпен, мақтанышпен әрі шынайы адалдықпен қарайды. Бұл – көзге көп түсе бермейтін, бірақ еңбегі аса маңызды адамдар. Тазалық пен тәртіп дәл солардан басталады.

Жұмысшы кәсіптер жылы – күнделікті еңбегі көзге көрінбейтін, бірақ өмір сапасына тікелей әсер ететін жандарға алғыс білдіретін ерекше мүмкіндік. Аула сыпырушылар – өз ісінің нағыз мамандары. Олар шын жүректен шыққан құрмет пен алғысқа лайық.