Басты бетЖұмысшы мамандықтар жылы аясында: Арыслан Маканович Ахатов — алтын қолды, кең жүректі жан

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында: Арыслан Маканович Ахатов — алтын қолды, кең жүректі жан

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында: Арыслан Маканович Ахатов — алтын қолды, кең жүректі жан Жұмысшы мамандықтар жылы аясында: Арыслан Маканович Ахатов — алтын қолды, кең жүректі жан Жұмысшы мамандықтар жылы аясында: Арыслан Маканович Ахатов — алтын қолды, кең жүректі жан

Арыслан Маканович Ахатов — Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президент және Үкімет ғимараттары дирекциясына қарасты «Министрліктер үйі» ғимаратының шаруашылық қызметінде жүкші болып еңбек етеді. Ол өз ісіне тыныш, адал әрі жан-тәнімен беріліп қарайды.

ҚР ПІБ жүйесіндегі еңбек жолын ол 2008 жылы бастаған. Содан бері кәсібилігімен, жауапкершілігімен және адал еңбегімен әріптестері мен басшылықтың шынайы құрметіне ие болып келеді. Арыслан Маканович — сенім артуға болатын жан: ұқыпты, уақытты нақты сақтайтын, сабырлы және сенімді.

Ол зейнетке шыққанына екі жыл болды, алайда ұжымның өтініші мен басшылықтың шешімімен еңбек шарты ұзартылды. Бұл көп нәрсені аңғартады: оны алмастыру оңай емес, ал сенім - баға жетпес. Бүгінде де ол шаруашылық жұмыстарына белсенді араласып, көшу, ұйымдастыру істеріне көмектесіп келеді.

Сонымен қатар, Арыслан Маканович — қолынан бәрі келетін нағыз шебер. Ағаш ұсталығынан бастап ұсақ жөндеу жұмыстарына дейін — бәрін жасай алады. Кез келген қиын сәтте көмек қолын созуға дайын, әрдайым жол таба біледі.

Қызметтен тыс уақытта ол — сегіз қыздың әкесі және 21 немеренің (8 қыз, 13 ұл) ардақты атасы. Оның өмір жолы — отбасыға, еңбекке және адами құндылықтарға деген адалдықтың жарқын үлгісі.

Осындай мамандар — кез келген мекеменің абыройы мен тірегі. Олардың еңбегін сандармен бағалау қиын, бірақ олардың қолтаңбасы күнделікті тыныш әрі тұрақты жұмыстың негізінде жатыр.