Басты бетАстана – Тәуелсіздігіміздің тірегі

Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі

Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі Астана – Тәуелсіздігіміздің тірегі

2025 жылғы 4 шілдеде Астана күніне орай “Министрліктер Үйі” №4 корпусының Б-123 мәжіліс залында “Астана қаласының тарихы: өткені мен бүгінгісі” тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өтті.

Дәрісті Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Астана қаласындағы филиалының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Құралай Қуандыққызы Сәрсембина жүргізді.

Іс-шараға Қызмет және бөлім басшылары, әкімшілік-басқару персоналы, сондай-ақ “Министрліктер Үйі” 3 және 4 корпустарының шаруашылық қызметі мен жабдықтарды пайдалану қызметтерінің жұмыскерлері қатысты.

Құралай Қуандыққызы дәріс барысында елорданың қалыптасу кезеңдеріне, әкімшілік мәртебеге ие болғаннан кейінгі қарқынды дамуына, сондай-ақ қала инфрақұрылымы мен мәдени келбетінің өзгеруіне тоқталды. Сондай-ақ, жалпыұлттық маңызы бар тарихи оқиғалар мен тәуелсіздік жылдарындағы өзгерістер де кеңінен қамтылды.

Дәріс мазмұнды әрі қызықты өтті.

Астана күні — бұл әрбір қазақстандықтың ел дамуына қосқан үлесіне мақтанатын, болашаққа сеніммен қарайтын маңызды мереке.