














2025 жылғы 5 шілдеде Астана күніне орай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Президент Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК жұмыскерлерінің көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараға 7 мен 12 жас аралығындағы 50 бала қатысты. Олар үшін елорданың басты көрікті жерлерін қамтитын қызықты автобус экскурсиясы дайындалды. Бағдарлама аясында балалар Тәуелсіздік сарайы мен Президенттік орталыққа барды. Онда олар сәулет нысандарын аралап, музей экспозициясы арқылы ел тарихымен танысты.
Экскурсия барысында кәсіби экскурсовод балаларға Астананың тарихы, рәміздері және дамуы туралы жеңіл әрі қызықты форматта әңгімелеп берді. Әсіресе, балалар үшін халықаралық деңгейдегі кездесулер өткен залдарды көру және ол жерде олардың ата-аналарының еңбек ететінін білу ерекше әсер қалдырды.
Экскурсия соңында балалар үшін жылы әрі достық атмосферада пицца мен сусындардан тұратын шағын фуршет ұйымдастырылды.
Ата-аналар Дирекция басшылығына көрсетілген қамқорлық пен балаларына деген ықылас үшін алғыс білдірді. Мұндай шаралар балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, көпбалалы отбасыларды қолдауға және ұйым ішіндегі бірлік пен корпоративтік құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.