



Жоғары халықаралық деңгейде өткен «Орталық Азия - Қытай» екінші саммитінің қорытындысы бойынша аталған іс-шараны ұйымдастыру және іске асыру кезінде бастамашылық, жоғары кәсібилік және іске адалдық танытқан жұмыскерлер ерекше алғысқа ие болды.
Саммитті мүлтіксіз қамтамасыз ету - бұл барлық жұмылдырылған жұмыскерлер тарапынан айқын үйлестіру, үйлесімді жұмыс пен жоғары жауапкершіліктің нәтижесі.
70-тен астам жұмыскер Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Президент Іс басқармасының алғыстарымен марапатталды (Мемлекет басшысының алғыс хаты - 1, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының алғыс хаты - 50, Іс басқарушының алғыс хаты - 22).
Жұмыскерлерді марапаттау олардың күш-жігерін лайықты бағалау ғана емес, кәсіпқойлықтың, бастамашылдықтың және командалық жұмыстың маңыздылығын баса көрсете отырып, барлық жұмыскерлер үшін шабыттандыратын үлгі болып табылады.