Басты бетЖұмыскерлерді марапаттау

Жұмыскерлерді марапаттау

Жұмыскерлерді марапаттау Жұмыскерлерді марапаттау

«Министрліктер Үйі» кешеніндегі штаттан тыс жағдайды жою кезінде жоғары кәсібилік көрсеткен "Министрліктер Үйі" №3 корпусы шаруашылық қызметінің және жөндеу-құрылыс қызметінің жұмыскерлерін марапаттау іс-шарасы өтті.

Үйлесімді іс-қимылдың, лауазымдық міндеттерді нақты орындаудың және жұмыскерлердің жеке бастамасының арқасында қысқа мерзім ішінде оқыс оқиғаның салдарын оқшаулауға, ықтимал тәуекелдерді азайтуға және кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.

Кәсіпорын басшылығы штаттан тыс жағдайдың салдарын жоюға қатысушылардың барлығына шынайы алғысын білдірді.