Басты бетЖұмысшы кәсіптер жылы: еңбекке адалдық пен тазалықтың үлгісі

Жұмысшы кәсіптер жылы: еңбекке адалдық пен тазалықтың үлгісі

Жұмысшы кәсіптер жылы: еңбекке адалдық пен тазалықтың үлгісі Жұмысшы кәсіптер жылы: еңбекке адалдық пен тазалықтың үлгісі Жұмысшы кәсіптер жылы: еңбекке адалдық пен тазалықтың үлгісі

«Министрліктер Үйі» № 1корпусы шаруашылық қызметінің үй-жайларды тазалаушысы Света Акмуканованың еңбек жолы туралы

 

Жұмысшы кәсіптер жылы аясында біз өз еңбегімен жұмыс орнын жайлы, таза әрі ұқыпты етіп ұстап жүрген адамдар туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері — Акмуканова Света,  «Министрліктер Үйі» №1 корпусы шаруашылық қызметінің үй-жайларды тазалаушысы болып еңбек етеді.

Света Акмуканова — Торғай облысы, Ишим ауылының тумасы. Қандай өмірлік қиындықтар болса да, ол қарапайымдылығын, шынайылығын және еңбекке деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған. 2010 жылдан бері ол осы салада үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бүгінде 14 жылдан астам уақыт бойы еліміздегі маңызды әкімшілік ғимараттардың бірінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етіп келеді.

Екі ұлдың анасы Света Акмуканова отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген, жауапкершілігі жоғары жан. Ол үшін ғимарат ішінің тазалығы мен тәртібі — күн сайынғы міндет. Дәліздер, кабинеттер, баспалдақтар – бәрі әрдайым жинақы әрі таза болуы тиіс. Бұл — оның еңбегі мен жанашырлығының айғағы.

Әріптестері оны еңбекқор, тиянақты және жайдарлы мінезі үшін ерекше құрметтейді. Света Акмуканова көмектен ешқашан бас тартпайды, барлық тапсырманы ынтамен әрі сапалы орындайды. Оның жұмысы көзге көріне бермесе де, ғимараттағы жайлылық пен тазалық соның нәтижесі екенін бәрі біледі.

Жұмысшы кәсіптер жылы — осындай қарапайым, бірақ аса маңызды мамандық иелеріне құрмет білдіретін кезең. Света Акмуканова — өз ісін шын жүректен сүйетін, күнделікті адал еңбегімен үлгі болатын жан.

Біз Света Акмукановаға көпжылдық адал қызметі, жауапкершілігі мен қарапайым адамгершілігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай еңбек адамдарының арқасында «Министрліктер Үйі» таза, жинақы, жайлы әрі жұмыс істеуге ыңғайлы мекен болып қала береді.