Басты бетПремьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марап...

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті

Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс саласының қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан марапаттар табыс етті

Құрылысшы күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сала мамандары мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыс етті.

        Құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Олжас Бектенов үздік қызметкерлерге Президент атынан марапаттар табыс етті. «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған жұмыскерлердің арасында біздің Дирекцияның жұмыскері Бакытгул Закенова да бар. Б. Закенова Кәсіпорында 2005 жылдан бері шаруашылық қызметінің 6-дәрежелі сылақшысы болып жұмыс істеп келеді.