
Құрылысшылар қауымының 10 тамыздағы кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Іс басқармасы жүйесінде еңбек ететін бір топ маманға құрмет көрсетіліп, марапаттар тапсырылды.
Саланы дамытудағы көп жылдық жемісті жұмысы және сіңірген еңбегі үшін марапатталғандар қатарында Іс басқармасының Әкімшілік ғимараттар дирекциясы директорының орынбасары Әлібек Әлиев жөндеу-құрылыс қызметінің жетекші шебері Алдаберген Бердешев, өндірістік-техникалық қызметінің басшысы Владимир Стакаев.
Жұмысшы мамандықтар жылында еңбектері жоғары бағаланған мамандарды әріптестері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.