




Құрысшылар күні кәсіби мерекесі қарсаңында Дирекцияда құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді құрметтеуге арналған салтанатты шара өткізді.
Мерекелік шара аясында Кәсіпорынның үздік жұмысшылары: ағаш ұсталары,сылақшы-бояушы, қаптаушы-плиткашылар. Жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және Кәсіпорынның дамуына қосқан үлесі үшін олар Алғыс хаттармен марапатталды.
Жөндеу-құрылыс қызметі, өндірістік-техникалық қызметі және ҚР Президентінің «Ақорда» Резиденциясы шаруашылық қызметі жұмыскерлерінің жанқиярлық еңбектері Кәсіпорын басшылығымен жоғары бағаланады.
Кәсіпорын ұжымының үйлестірілген жұмысы ӘҒД қызмет көрсететін ғимараттарда орналасқан орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өкілдерінің ыңғайлы жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.