

2025 жылғы 14 тамызда Астана қаласының әкімдігі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Кадр жұмысы бөлімінің басшылығы, HR-менеджер (Д.О. Искаков, Г.А. Байман) мен бас тәлімгер (Г.Ш. Калиева) бос жұмыс орнын ізденушілерге жұмыстың сипаты, сондай-ақ ПӘ ӘҒД жүйесінде жұмыс істеу ерекшеліктері жайында толық ақпарат берді.
Іс-шара барысында 60-қа жуық кандидаттармен әңгімелесу өткізіліп, олардың арасынан 14 адам қызығушылық танытып, өз түйіндемелерін ұсынды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бұл жұмыс іздеушілерге жұмыс берушімен бетпе-бет кездесуге, ал ұйымдарға қажетті мамандарды іріктеуге мүмкіндік беретін іс-шара болып табылады.