








Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына еліміздің барлық аймақтарымен қатар біздің кәсіпорын да белсене атсалысты.
Сондай іс-шараның бірі «ҚР Президенті Іс басқармасының ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ұжымында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза бейсенбі» өтті. Аталған іс-шараға кәсіпорын директорының орынбасары Асель Раисовна Умиршина қатысты.
Акция барысында кәсіпорын жұмыскерлері Президенттік орталығының маңындағы аумақты тазалап, жасыл желектерді күтіп-баптады. Сонымен қатар, қоқыс жиналып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Өз кезегінде мұндай шаралар экологиялық мәдениетті арттыруға, ұжымдық жауапкершілікті нығайтуға және елордамыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосуға бағытталған. Алдағы уақытта кәсіпорында «Таза бейсенбі» дәстүрлі түрде жалғасын тауып, табиғатты қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тұрақты түрде өткізілмек.