Басты бетБақтжамал Аралбайқызы Баетова — өз ісіне адал «Министрліктер Үйі» №4 корпусы шаруашылық қызметін...

Бақтжамал Аралбайқызы Баетова — өз ісіне адал «Министрліктер Үйі» №4 корпусы шаруашылық қызметінің жұмысшысы

Бақтжамал Аралбайқызы Баетова — өз ісіне адал «Министрліктер Үйі»  №4 корпусы шаруашылық қызметінің жұмысшысы Бақтжамал Аралбайқызы Баетова — өз ісіне адал «Министрліктер Үйі»  №4 корпусы шаруашылық қызметінің жұмысшысы Бақтжамал Аралбайқызы Баетова — өз ісіне адал «Министрліктер Үйі»  №4 корпусы шаруашылық қызметінің жұмысшысы Бақтжамал Аралбайқызы Баетова — өз ісіне адал «Министрліктер Үйі»  №4 корпусы шаруашылық қызметінің жұмысшысы

2006 жылдың қазан айынан бастап «Министрліктер Үйі» № 4-ші корпусының шаруашылық қызметінде Бақтжамал Аралбайқызы Баетова еңбек етіп келеді. Ол күн сайын ғимараттың тазалығы мен тәртібін сақтауға өз үлесін қосып жүрген жан.

Бақтжамал Аралбайқызы Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Ақ-Бейт ауылында дүниеге келген. Балалық шақтан дарыған еңбекқорлық, ұқыптылық пен жауапкершілік оның кәсіби жолында сенімді серік болды.

«Министрліктер үйінде» жұмыс істеген жылдары ол өзін тиянақты әрі адал жұмысшы ретінде көрсете білді. Әріптестері оның тәртіптілігін, тапсырылған іске мұқият қарауын және айналасындағыларға әрқашан жылы шырай танытатынын ерекше атап өтеді. Осындай жандардың арқасында бүкіл корпус жұмыскерлеріне қолайлы еңбек ортасы қалыптасуда.

Кәсіби жетістіктерімен қатар, оның өмірінде отбасының орны ерекше. Бақтжамал Аралбайқызы Баетованың екі баласы ұлы және қызы, сонымен қатар екі сүйікті немересі бар. Ол балаларымен және немерелерімен мақтанады, оларға еңбекқорлық пен адалдықтың үлгісі болуға тырысады.

Бір жерде 19 жылдан астам уақыт табанды еңбек етуі — өз ісіне адалдығы мен ұжымға деген құрметінің айқын көрсеткіші.