


Жыл сайын 1 қазан қарттар күні ерекше аталып өтіледі. Бұл күн – өмір жолын еңбекпен өрнектеген, ел дамуына зор үлес қосқан қарттарымызға құрмет көрсетуге арналған мереке.
Қарттар – елдің берекесі мен бірлігінің алтын қазынасы. Олар жас ұрпаққа өмірлік тәжірибесін, ақыл-кеңесін беріп келеді. Бұл күнде қарттарға алғыс айтып, сый-құрметін көрсетуі – дәстүрге айналған.
Біздің жұмыскерлер кәсіпорынның құрметті зейнеткері Кайрат Сеитович Канафинді мерекемен құттықтап, бағалы сыйлық, алғыс хат берді. К.С. Канафин 2007 ж. – 2016 жыл аралығында еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі қызметінің бастығы болған.
Қарттарымызды қадірлеп, олардың амандығына атсалысу – азаматтық парызымыз.