



2025 жылғы 11 қазанда «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК қызметкерлері жалпы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараға Кәсіпорынның 50-ге жуық қызметкері қатысып, өздеріне бекітілген аумақты тазалап, қаланың тазалығы мен көркін арттыруға үлес қосты.