Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні қарсаңында ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да кәсіпорынның қызметі мен дамуына елеулі үлес қосқан жұмыскерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Адал әрі нәтижелі еңбегі, жоғары кәсібилігі және еңбек міндеттерін жауапкершілікпен орындағаны үшін жұмыскерлер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттар директор және құрылымдық бөлімшелерге жетекшілік ететін директордың орынбасарлары тарапынан табысталды.
Іс-шара барысында әрбір жұмыскердің еңбегі кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуге және жүктелген міндеттердің сапалы орындалуына ықпал ететіні атап өтілді.
Кәсіпорын басшылығы ұжымға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, кәсіби қызметінде табыс тіледі.