Басты бетКиберқауіпсіздік бойынша оқыту семинары өткізілді

Киберқауіпсіздік бойынша оқыту семинары өткізілді

Киберқауіпсіздік бойынша оқыту семинары өткізілді Киберқауіпсіздік бойынша оқыту семинары өткізілді

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлердің хабардарлығын арттыру мақсатында 2026 жылғы 10 ақпанда «ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК-да киберқауіпсіздік бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинарға кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлері қатысты. Шақырылған қатысушылар Астана қаласының Есіл ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Акишов А. Ж. және Ташбеков Е. Ж. қатысты.

Директордың орынбасары Айдар Кенжебекұлы Исатаев алғы сөз сөйлеп, әртүрлі киберқауіптерден қорғау, құпиялылықты сақтау және кәсіпорынның цифрлық жүйелері мен деректерінің сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты қазіргі әлемдегі киберқауіпсіздіктің маңыздылығын атап өтті.

Семинар аясында киберқауіпсіздіктің өзекті қатерлері фишинг, деректердің таралып кетуі, жасанды интеллект көмегімен алаяқтық (дипфейк, жалған аккаунтар жасалу), қорғау әдістері мен кибергигиена принциптері қарастырылды.

Іс-шараны кәсіпорын жұмыскерлерінің белсенді қатысуымен «сұрақ-жауап» интерактивті сессиясы аяқтады.