Ағымдағы жылы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының спартакиадасы аясында Іс басқармасы жүйесінің, оның ведомстволары мен бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында шаңғы жарысы өтті. Жарысқа 63 адам қатысты.
"ҚР ПІБ "ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" ШЖҚ РМК (ДАЗ АП) жұмыскерлері спорттық іс-шараға белсенді қатысып, лайықты нәтиже көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ДАЗ АП (ӘҒД) өкілдері жүлделі орындарға ие болды:
«35 жасқа дейінгі ерлер» тобында 2-орын — Жаламан Бекзат Есімғалиұлы;
«35 жасқа дейінгі әйелдер» тобында 3-орын — Сарманова Алмагуль Мырзахановна;
«35 жастан жоғары ерлер» тобында 2-орын — Бәшім Даулен Булатұлы.
Бұдан басқа, кәсіпорын жұмыскерлері арнайы номинацияларда атап өтілді:
«Жеңіске деген ерік жігері үшін» — Садыков Дархан Рысханович;
«Спортқа адалдығы үшін» — Мұрат Мереке Мұратұлы.
Шаңғы жарысына қатысқан ДАЗ АП (ӘҒД) жұмыскерлерінің барлығы жақсы дене дайындығын, спорттық мінез бен жеңіске ұмтылысын көрсетті. Олардың қатысуы командалық рухты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының спартакиадасында кәсіпорынды лайықты деңгейде таныстыруға елеулі үлес қосты.