2026 жылғы 4 сәуірде Президенттік орталық ғимаратында Дирекцияда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара бірлік, ізгі ниет және ұлттық дәстүрлерге құрмет атмосферасында өтіп, қызметкерлерді ынтымақ пен корпоративтік бірлік рухында біріктірді.
Мерекелеу аясында әкімшілік ғимараттар командалары арасында спорттық жарыстар, жарқын мәдени байқаулар, «Салт-дәстүр» театрландырылған қойылымы, сондай-ақ талантты жұмыскерлердің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Спорттық жарыстар қорытындысы бойынша ғимараттар арасында:
1-орынды Министрліктер Үйі № 1-корпус командасы иеленді;
2-орынды — Министрліктер Үйі №3-корпус, «Шабыт» және Тәуелсіздік сарайы;
3-орынды — Оң жағалау командасы иеленді.
Салтанатты марапаттау рәсімі барысында жекелеген номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.
«Үздік гір көтеруші» номинациясының жеңімпазы Мұрат Мереке Мұратұлы,
«Үздік асықшы» — Онгаров Саржан Ахылбаевич,
«Үздік қол күресуші» — Самуратова Салтанат Талбековна,
«Үздік актерлік талант» номинациясының жеңімпазы Жакупеков Адильбек Кошербаевич болды.
«Үздік ер ұлттық киімі» номинациясы бойынша үздік ұлттық образдары үшін төмендегі қызметкерлер марапатталды:
Аяпбергенов Мурат Сагиндыкович, Боканов Сакен Богенбаевич, Жагпар Берикбол, Сагимбаев Нура Тынысбаевич.
«Үздік әйел ұлттық киімі» номинациясында:
Сакипкалиева Рашида Имангалиевна, Жилкибаева Орнай Сактагановна, Жанабекова Жанар Шормановна марапатталды.
Қосымша ынталандыру сыйлықтарымен:
Тусупова Толкын Рахымжановна, Зарапова Жанар Уалиоллаевна, Омарова Ясмина марапатталды.
Наурыз мерекесі Дирекция ұжымының өміріндегі жарқын оқиғаға айналып, командалық рухты нығайтуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және қызметкерлер арасында жылы мерекелік атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.