2026 жылғы 11 сәуір, сенбі күні, «ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК жұмыскерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Мөлдір бұлақ» бастамасы бойынша ұйымдастырылған экологиялық сенбілікке қатысты.
Іс-шараға 50 жұмыскер қатысты. Сенбілік барысында аумақты санитарлық тазалау, абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды жинау және қоғамдық кеңістіктерді тиісті санитарлық жағдайға келтіру жұмыстары жүргізілді.
Осындай экологиялық акцияларға қатысу қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың, экологиялық жауапкершілікті арттырудың және әкімшілік ғимараттар аумағындағы тазалықты сақтаудың маңызды бөлігі болып табылады.
«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында өткізілген сенбілік ұжымның қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға, азаматтардың серуендеуі мен демалысы үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамдағы экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталған бастамаларды іске асыруға қосқан кезекті үлесі болды.