Басты бетХалықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившіл...

Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды

Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды Халықаралық тәжірибе – кәсіби дамудың кепілі: Кәсіпорын қызметкерлері IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі мен «Digital Archive EXPO» III конгресінде сертификаттарға ие болды

2026 жылғы 8–11 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен IX Халықаралық жас архившілердің Жазғы мектебі өтті.

Жазғы мектептің негізгі бағыты архивтердің ақпараттық архитектурасын дамыту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне арналды. Бағдарлама аясында архив ісінің цифрлық трансформациясы, құжаттарды басқарудың озық технологиялары, жасанды интеллектті қолдану және құжаттық мұраны сақтау бағыттары бойынша дәрістер, шеберлік сабақтары мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Кәсіпорын қызметкерлері Буркитова Әйгерім мен Кенжебаева Нұргүл қатысып, кәсіби біліктіліктерін арттырды. Оқу бағдарламасының қорытындысы бойынша қатысушыларға халықаралық сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, 2026 жылғы 8–12 маусым аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің ұйымдастыруымен, Халықаралық архивтер кеңесінің, ЮНЕСКО және БҰҰ қолдауымен «Digital Archive EXPO» III Халықаралық архившілер конгресі өтті.

Ауқымды халықаралық іс-шараға әлемнің елінен 500-ден астам сарапшы қатысып, архив ісін дамыту, цифрландыру, ақпараттық жүйелерді енгізу және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Конгресс аясында пленарлық және панельдік отырыстар, халықаралық семинарлар, оқыту тренингтері мен салалық көрме ұйымдастырылды.

Кәсіпорынның архившілері Буркитова Әйгерім мен Кенжебаева Нұргүл аталған конгреске де қатысып, кәсіби білімдерін тереңдетіп, халықаралық тәжірибе жинақтады. Конгресс қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Аталған халықаралық іс-шараларға қатысу қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және озық тәжірибелерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.