Басты бетДирекция болашақ бірінші сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтады

Дирекция болашақ бірінші сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтады

Дирекция болашақ бірінші сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтады Дирекция болашақ бірінші сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтады Дирекция болашақ бірінші сынып оқушыларын Білім күнімен құттықтады

1 қыркүйек қарсаңында «ҚР ПІБ «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК көпбалалы отбасылардан шыққан, биыл алғаш рет 1-сыныпқа баратын қызметкерлердің 20 баласын құттықтады.

Кәсіпорын қызметкерлерінің көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету аясында болашақ бірінші сынып оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауға арналған ақшалай конверттер қарастырылды.

Кәсіпорын директоры Талгат Ускенович Муслимов болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына ақшалай конверттерді жеке табыстап, оларды алдағы Білім күнімен құттықтады.

Бірінші сыныпқа бару - әрбір бала мен оның отбасы үшін маңызды әрі толғандыратын оқиға. Мұндай бастама Дирекция тарапынан көрсетілетін назар мен қолдаудың көрінісі болып табылады және отбасыларға балаларын мектепке дайындау кезеңінде көмек көрсетеді.

Болашақ бірінші сынып оқушыларына оқуда табыс, жаңа білім, қызықты жаңалықтар, адал достар мен жарқын мектеп әсерлері, ал олардың ата-аналарына амандық, сабыр және балаларының жетістіктеріне қуаныш тілейміз.