Халықаралық қарттар күніне орай «ҚР ПІБ «ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК жұмыскерлері тыл ардагерлерін құттықтады.
Дирекция өкілдері ардагерлердің үйлеріне барып, оларға ұзақ жылғы еңбегі мен ел игілігіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Құрмет пен ықыластың белгісі ретінде азық-түлік жиынтықтарын табыстады.
Кездесу барысында ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.
Бұл игі шара аға буынға деген құрмет пен тыл ардагерлерінің еңбегіне деген ризашылықтың көрінісі болды.