Басты бет › Әкімшілік ғимараттар дирекциясының жұмыскері «Абай оқулары» байқауында бірінші орын алды

Әкімшілік ғимараттар дирекциясының жұмыскері «Абай оқулары» байқауында бірінші орын алды

Әкімшілік ғимараттар дирекциясының жұмыскері «Абай оқулары» байқауында бірінші орын алды Әкімшілік ғимараттар дирекциясының жұмыскері «Абай оқулары» байқауында бірінші орын алды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі «Абай оқулары» әдеби байқауының қорытындысы шығарылды.

Биыл оныншы рет ұйымдастырылған байқауға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ түрлі ұйымдардың жұмыскерлері болды.

Байқау қорытындысы бойынша ересектер арасында "ҚР ПІБ "ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" ШЖҚ РМК жөндеу-құрылыс қызметінің бастығы Зұлқарнаев Асқар Аманғалиұлы бірінші орынға ие болды.

Әдеби байқауға қатысу Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына деген қызығушылық пен ұлттық мәдениетке деген құрметті көрсетудің бір мүмкіндігі болды. Әріптесіміздің бұл жетістігі Дирекция ұжымы үшін зор мақтаныш.

«Абай оқулары» байқауы ұлы ақынның әдеби және философиялық мұрасын кеңінен насихаттауға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықты арттыруға және рухани құндылықтарды сақтауға бағытталған.

Әкімшілік ғимараттар дирекциясының ұжымы Асқар Аманғалиұлын лайықты жеңісімен құттықтап, кәсіби қызметі мен шығармашылық бастамаларына толағай табыс тілейді!