Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күні қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК жұмыскерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және кәсіпорын қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін үздік жұмыскерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Салтанатты іс-шара жұмыскерлердің кәсібилігіне, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына және өз ісіне адалдығына көрсетілген құрмет пен ризашылықтың көрінісі болды.
Әріптестерімізді еңбектерінің лайықты бағалануымен, ал Дирекцияның барша ұжымын Республика күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, амандық, бейбітшілік, өркендеу және кәсіби қызметте жаңа жетістіктер тілейміз!