2026 жылғы 17 қазанда Астана қаласындағы «Abyroi» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы жүйесінің жұмыскерлері арасында қазақ күресінен жыл сайынғы турнир өтті.
Жарыс 82 келіге дейінгі және 82 келіден жоғары екі салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды. Турнирдің басты мақсаты - ұлттық спортты дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау.
Дирекция жұмыскерлері жарыста жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
1) Қыдырбай Жансерік Күзембайұлы – 82 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 1-орын;
2) Карибаев Асқар Ержанұлы - 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын, сондай-ақ «Үздік әдіс» арнайы номинациясының жеңімпазы.
Әріптестерімізді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, спортта толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!