2026 жылғы 17 қазанда Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК асханаларының аспаздары арасында Халықаралық аспаздар күніне арналған кәсіби шеберлік байқауы алғаш рет ұйымдастырылды.
Байқауға қатысушылар жоғары кәсіби шеберліктерін, тағамдарды дайындау мен безендірудегі шығармашылық қабілеттерін, сондай-ақ командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- I орын – «Ұлт дәмі» командасы;
- II орын – «Жұлдыздар» командасы;
- III орын – «Ақ дастархан» командасы.
Байқау тәжірибе алмасуға, кәсіби дағдыларды жетілдіруге және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік берді.
Мерекелік іс-шаралар аясында Дирекция қоғамдық тамақтандыру саласының жұмыскерлері мен шақырылған қонақтарға арналған фуршет ұйымдастырды.
Бүгін, 20 қазанда, Халықаралық аспаздар күніне орай Дирекцияның қоғамдық тамақтандыру саласының барлық жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз және өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз үшін шынайы алғыс білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!