ҚР Президенті Іс басқармасының «ҚР Президенті мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып әзірленген D-Service веб-қосымшасын қызмет көрсетілетін нысандарда енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Негізгі мақсат — пайдаланылатын нысандарға қызмет көрсету сапасын арттыру.
D-Service — бұл өтінімнің толық өмірлік циклін автоматтандыратын цифрлық платформа: өтінімді құру мен тіркеуден бастап, орындаушыны тағайындауға, жұмысты орындауға, өтініш берушінің сапаны тексеруіне және бағалау мен рейтинг қою арқылы жабуға дейінгі процестерді қамтиды.
Жүйенің 4 негізгі модулі:
- Өтініш беруші. Өтінімдерді 4 рет басу арқылы құру, кез келген кезеңде мерзімдер мен ағымдағы мәртебені қадағалау, жабылғаннан кейін де толық тарихты көру, орындалған жұмыс сапасын бағалау және тікелей орындаушымен жедел байланысу мүмкіндігі.
- Орындаушы. Хабарламаларды алу, орындалу барысы туралы ақпаратты енгізу, өтінімді қайта бағыттау, қосалқы орындаушыларды тарту, мерзімді ұзартуға негізделген сұрау салу мүмкіндігі.
- Диспетчер. Өтінімдерді үйлестіру және бөлу, орындаушыларды тағайындау және қайта тағайындау, орындау мерзімдерінің сақталуын бақылау.
- Әкімші. Қосымшаның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету, пайдаланушылар мен анықтамалықтарды құру және өңдеу, есептілікті жүктеп алу, пайдаланушылардың әрекеттерінің толық аудит журналын жүргізу.
D-Service-тің басты ерекшелігі — орындалуды автоматтандырылған бақылау:
- Әрбір өтінім үшін басымдық, нақты ғимарат пен кабинетке байланған қызмет көрсету нысаны және орындаудың нормативтік мерзімі автоматты түрде анықталады.
- Жүйеде кері санақ жүргізіледі, мерзімі өткен жағдайлар мен ұзартуларды келісу тіркеледі.
- Қосымша сауалнамасыз орындаушылардың рейтингі автоматты түрде қалыптасады. Онда: өтініш берушінің бағасы, мерзімдердің сақталуы, мерзімінен бұрын орындау, қайта өңдеуге қайтарылған өтінімдер саны және өтінімнің басымдығы ескеріледі.
- Аналитикалық блокта мерзімдердің сақталуы, орташа жауап беру уақыты, мерзімі өткен өтінімдердің саны туралы ақпарат көрсетіледі.
Қосымшаны пайдалану үшін интернетке қосылған компьютердегі немесе мобильді құрылғыдағы браузерге https://d-service.dazudprk.kz/ мекенжайын енгізу қажет. Сондай-ақ, қазіргі уақытта қызмет көрсетілетін нысандардың қабаттарында кезең-кезеңімен орналастырылып жатқан арнайы QR-код.
Енгізу нәтижесінде өтінімдерді өңдеу мен орындау уақытының айтарлықтай қысқаруы, оларды бөлудің автоматтандырылуы, қызметтер жұмысының ашықтығының артуы және көрсетілетін қызметтер сапасын бақылаудың күшейтілуі күтілуде.